Блогыма не деп ат қойсам болады?

 

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин енгізгенім. Блогоним (blog – блог, ὄνομα            (onoma) – есім)  – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін  сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады.  Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты. Read more of this post

Басталды!

Алматыдамыз. Араға алты ай салып келіп тұрғаным. Астана-Алматы пойызының төртінші вагонында Orkenegro-мен бірге жеттік.  Алматы-1-ге төрт минут кешіккен пойыз, Алматы-2-ге араға жарты сағат салып, әрең жетті. Астананың тығынсыз жол қозғалысына үйренісіп-ақ қалған екенбіз, вокзалдан «Алматы» қонақ үйіне дейінгі жап-жақын жерді «тығындалып» жеткеніміз оғаш көрінді астаналықтарға 🙂

Алматының көше кептелісі еш өзгермепті. Тек (өзгеріс ретінде) Азиаданың «арқасында» спорттық шараның логосымен безендірілген көше атауларының сілтемесі мен Абай көшесінің бойында жаңадан орнатылған бейне бақылау камераларын ғана байқадым.

Тұрақтаған орнымыз шынында да кезінде дүрілдеп тұрған орын болды ғой, бірақ қазір емес. Ностальгияның иісі шығады. Қонақүй кеңестік кезеңді еске түсіреді. Қалың ағаш паркет. Кеңестік үлгіде жарақталған ванна, шкаф, т.т. «Кермес»-те қазақ блогшыларының бейресми басқосуы өтті. Блогкерлердің көзілдіріктерінің бағасы мен аяқ киімінің өлшеміне дейін айтылған бейресми басқосу танысу миссиясын атқарған сияқты.Есесіне, виртуалды әлемдегі таныс-білістікті шынайы көз көріп, құлақ естір жерден арттырдық қой деймін. Басқосудан шыға сала, интернет клубқа бас сұғып, презентациямызды пысықтадық.

Түнгі (таңғы) төртте ұйқыға бас қоюға ғаламтордан шығып барам. Пойызда ұйқы жоспарын орындап алғаным қандай жақсы болған.

Айтпақшы, бүгінгі панельдік басқосудағы менің презентацияма бас сұға кетіңіздер. Тақырып: Қазақ блогонимі. (Google-дан табыла қоймас) Read more of this post

Қазақия-2. Оралу

Бұған дейін blogspot.com дейтін қоржында, Қазақия дейтін аты бар блогсымағым болған. Соның дабырасымен, «мата орнына бөз өтіп», біраз уақыттан бері блогшы, бәлки блогкерлер сабын толықтырып жүргем. Ол блогты толықтырмай, жабылып қалғанына қарамастан.

Өз блогымды жүргізуде құлықсыздық танытсақ та, бәзбіреулердің блог ашуына жәрдемдесіп жүріп, «өз өтірігіне өз сеніп қалып» дегендей, блоги ортаға қайта қызығушылығым артып шыға келді. Жақсы ниетпен жақсылыққа септесудің өзі жақсы екен: бұл әрекеттің түбі өзіңді де жақсылыққа алып келері анық.

Оған қоса, блогшылардың (19-20.03.2011. Алматыда өтетін) І құрылтайына баратын астаналық топтың қатарына қосылғасын, Бүкіләлемдік қазақ блогшыларының Read more of this post