Зілзала. Цунами. Жанартау

Жапонияда жойқын апат. Алдымен тоғыз балдық жер сілкінісі. Сосын сол зілзаланың әсерінен туындаған цунами. Кейін цунами толқынымен жағадан асқан тасқын су. Тасқын сумен ілескен өрт.  Жер сілкінісі, цунами һәм тасқын судың әсерімен істен шыққан атом электр стансаларындағы қауіптер. Одан кейін жер дүмпулерінің қайталануы. Цунами болуы мүмкін екендігі туралы дабыл. АЭС-тердің бірінен кейін бірі істен шығулары немесе температураның жоғарылығына байланысты суыту жүйелерінің жұмыс жасамауы. Радиациялық фон. Эвакуация.

Енді, Shinmoedake деп аталатын жанартаудың «оянғаны» туралы ақпарат таратып жатыр әлемдік БАҚ. Қаза тапқандар мен із-түзсіз кеткендердің саны мыңдап саналады.

Жапониядан берілген телеарна сюжеттерін көріп отырып, бір деталь кәдімгідей есте қалды. Ол осыншама табиғи апаттар жағдайындағы жапондықтардың дүрбелеңге (паника) салынбауы еді. Төтенше жағдай сәтіндегі қорғану әзірлігінен балабақшадағы бүлдіршіннен егде жастағы адамға дейін сауатты екені байқалып тұрды. Ең бастысы, интервью берушілердің сөз саптауларымен өлшегенде, дүрбелеңге жол берілмеді. Көп нәрсені құртатын осы дүрбелең ғой…

Ал қара құрлықтағы мұсылман атын иеленген ел-жұрт өз тыныштығын өздері алып, дүрлігіп, дүрбелең жасап жатыр. Кеше Египет, Тунис, Ливия, Оман, енді міне Бахрейн…

Шаптырма. Қылтима.

Терминдерді қазақшаға аудару туралы сөз болса, адамдардың тілге тиек ететіні осы қос сөз. Әсіресе, қазақылауға ыңғайы келіп тұрса да, осыған әйтеуір қарсылық танытқысы келетіндердің қалқаны осы – шаптырма мен қылтима.

– Қазір барлық терминді аударып, қазақ тілінің быт-шытын шығарып жіберді, мысалы сен шаптырма дегеннің не екенін білесің бе?

– Фонтан ба?

– Шаптырып тұрады деген сөз ғой. Қылтима ше? Қылтиып шығып тұратын.

– Балконды айтып тұрсыз ба? Read more of this post

Қазақия-2. Оралу

Бұған дейін blogspot.com дейтін қоржында, Қазақия дейтін аты бар блогсымағым болған. Соның дабырасымен, «мата орнына бөз өтіп», біраз уақыттан бері блогшы, бәлки блогкерлер сабын толықтырып жүргем. Ол блогты толықтырмай, жабылып қалғанына қарамастан.

Өз блогымды жүргізуде құлықсыздық танытсақ та, бәзбіреулердің блог ашуына жәрдемдесіп жүріп, «өз өтірігіне өз сеніп қалып» дегендей, блоги ортаға қайта қызығушылығым артып шыға келді. Жақсы ниетпен жақсылыққа септесудің өзі жақсы екен: бұл әрекеттің түбі өзіңді де жақсылыққа алып келері анық.

Оған қоса, блогшылардың (19-20.03.2011. Алматыда өтетін) І құрылтайына баратын астаналық топтың қатарына қосылғасын, Бүкіләлемдік қазақ блогшыларының Read more of this post