Алға, шегіну…

Уақыттың қадірі… Меңгерсе, қазақ меңгеруі тиіс болған тайм-менеджментті әрбіріміздің білгеніміз жөн-ақ. Уақытыңды жоспарлау. Жоспарыңды үш басымдыққа бөліп, «өте маңызды», «маңызды», «болғаны жақсы» деп айдар тағып жіктеу, күн сайын кеш ауғанда «бүгін не бітірдім?» деп есеп беру. Бітірген барлық ісің бойынша емес, нені мақсат еттің, жоспарыңа не қостың соның орындалған-орындалмағаны бойынша рапорт алу, өзіңнен өзің.

Осыдан он жылдай бұрын, жоқ, он бес жыл бұрын, бұл енді 1996 жылдардың шамасы, той-томалақты бейнетаспаға түсіру дейтін, кейін дәстүрге айналып кеткен жаңалық еніп жатты өмірімізге.

Біздің отбасымыздағы алғашқы бейнемұрағат сол жылдарға тән. Кезекті бір томалақта түсірілген сол видеода синтезаторды қолға алған жергілікті «жұлдыздың» «Сағаттар сырғиды, минуттар жылжиды. Жастық шақ өтеді, Мұңайма, Үрбибі» деп «ямаха» соққылап жатқаны қалыпты. Сол видеода көлбеңдеп мен де жүрмін. Read more of this post

Уордпресс: оралу&оралмау

Қызық болып қалды ғой өзі. kk.wordpress-те күнде көз салып кетпесек, біртүрлі болып, бар нәрседен қалып қоятындай әдет қалыптасып, белсенділігіміз артып келе жатқанда, бары, жоғы анық белгісіз, тіпті олардың біреуі мүлде ашылмаған деген де ақпарат шыққан, қос блогтың себебімен тоқтап қалдық қой. Біразы Қазжурды, біразы Қазақблогерлерін жағалады. Енді біразы «қойып кетті». Арындар басылып қалды ғой деймін. Әлде басып тастады. Енді қайта оралу керек пе деп жатқандар бар, біреулер қайта оралып жатыр. Көбісіне хабар әлі жетпеген болуы керек, әйтеуір осы жазба жазылып жатқанда, бұрын таңғы сегіздегі жұмысқа асыққан Астана сияқты болатын уордпресс, қазір түскі үштің уақытына ұқсайды, ара тұра қозғалыс байқалады. Енді не болар екен?

PS Әлде елдің бәрі демалыста ма?

Блогкерлер ақын боп кеткен бе?

Авторлық құқық һәм адамгершілік тұрғыдан дұрыс болу үшін алдын ала, ескерте қояйын. Мына бейнесюжеттің монтажы мен ию-қиюын жасағанмен, блогшыларды «ақынша» сөйлетіп, поэзияның «шоқ» өкілдері секілді етіп, сценарийін жазып берген Мұрат Есжан.

Әйтпесе, өзім поэзиямен «әріптес» емеспін. Өркеннің де өлең жазатыны туралы ақпаратым жоқ. Мұндай өлең сюжет жасау идеясы ошари арнада жүрген кезде көп талқыға түскен-ді, бір реті келмеген. Ыңғайының келгені осы. Оны негізі Мұрат жасайтын болған.

Сосын осы бір төрт минуттық өнімнің кейіпкері болған жандар президентпен суретке түсіп, сол суретін фотографтан сұрата бергені сияқты болғасын (J), олар үшін құны жоғары болып тұр ғой деп осында орнатып қойдым.

Бұл бейнені қазақ блогосферасына, блогшылардың амал-әрекетіне деген бір пиар жүріс деп қарасаңыз да, қызық деп бағаласаңыз да, мақұл.

Сосын блогты жаңартып, «жөргек ауыстырып» отыру міндетін алғасын, осы бір миссияны орындап тастайық дедік.

Қысқаша осы.

0,01…

Елімізде «Дипломмен ауылға» аталатын жоба іске асуда. Бұл жобаның басты мақсаты мамандардың ауылдық елді мекендерге барып, қызмет етуін ынталандыру. Осы ынталандыру шаралары барысында олардың бір реттік ақы, жалақысына үстемақы, жеңілдетілген несие алу (0,01%) мүмкіндігі қарастырылған. Осы ынталандыру шаралары туралы ақпаратты қарап отырып, мына бір жағдаятты байқадым. Бұл жағдайда жеке тұлғалар, пайызсыз несие ала алмайды екен. Енді осы жағдайды ашып көрейік. Read more of this post

Тағы да сайлау ма?

Онша емес жазулар айтқандай, бүгін біздің елбасын президент тағына отырғызу рәсімі өтті. Кеңесшілер сөз еткендей, шет елдік басшы-қосшыларды шақырмай, бүгін таққа отырғызуды өз ішімізде өткеріп тастады(қ). Елбасы өз сөзінде демократия, көп партиялылық, парламент, реформа дейтін ілмекті сөздерді айтты. Іле түс ауа Президент Парламентке барады деген ақпар тарады. Әйтеуір сағат 16-00-де Мәжілістің (пленарлық) отырысы өтетіні белгілі.

Ай, жазда тағы бір сайлау бар сияқты. Көп партиялылық деген жақсы шығар, әйтеуір Абай ата айтқан «болды да партия, ел іші бүліндіге» айналып кетпегей…

Алла қайырын берсін.

Пы сы. Қысқасы, Мәжіліс сайлауы өз уақытында өтетін болды. Президенттің депутаттарға келгені, Үкіметбасын ұсыну, тағайындау, дауысқа салу үшін екен.

Жол полициясы 7560 (7000) теңгемді қалай қайтарып берді?

Бұл өзі жыл басында болған оқиға. Tuspalsoz-ді жүргізуші Мұрат Есжан Қазақстан бойынша бір айға жуық сапары кезінде өз көлігін маған уақытша жүргізуге беріп кеткен еді. Әдеттегідей, өз шаруаларыммен Астананың әсем көшелерінің бірінде көлікпен жүйіткіп келе жатып, жүргінші жолын кесіп өткенде, жол полициясы тоқтатты.  Негізгі айыбым: жаяу жүргінші өтпесінен жүргіншілерді өткізбегенім екен. Оқиға осылай басталды. Read more of this post

Блогыма не деп ат қойсам болады?

 

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин енгізгенім. Блогоним (blog – блог, ὄνομα            (onoma) – есім)  – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін  сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады.  Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты. Read more of this post

«Ликвидатор» Айтжанов

Қысқаша ғана айтайын. Бүгін Ақан ағайдың студиясында жаңа өнімін тамашалау мүмкіндігім болды. Ақан ағай дегенім – кәдімгі «Рэкетир», «Ағайынды», «Адасқандар» фильмдерінің авторы да, жаңа өнімі дегенім –«Ликвидатор». Екі миллион доллар жұмсалыпты, тоқсан бес минут ұзақтығы. «Қазақфильмнің» өнімі. «Сатайфильмнің» қатысуымен. Берік Айтжанов «өз әлемінде» ликвидаторлық етеді фильмде. Англиядан Винни Джонс шақырылыпты. Бір деммен көріп шықтым. Кейбір эпизодтардың ұнамағанын айтуым керек, Ақан ағаға айттым да (Өзгеріс енгізуге кеш деді). Read more of this post

Басталды!

Алматыдамыз. Араға алты ай салып келіп тұрғаным. Астана-Алматы пойызының төртінші вагонында Orkenegro-мен бірге жеттік.  Алматы-1-ге төрт минут кешіккен пойыз, Алматы-2-ге араға жарты сағат салып, әрең жетті. Астананың тығынсыз жол қозғалысына үйренісіп-ақ қалған екенбіз, вокзалдан «Алматы» қонақ үйіне дейінгі жап-жақын жерді «тығындалып» жеткеніміз оғаш көрінді астаналықтарға 🙂

Алматының көше кептелісі еш өзгермепті. Тек (өзгеріс ретінде) Азиаданың «арқасында» спорттық шараның логосымен безендірілген көше атауларының сілтемесі мен Абай көшесінің бойында жаңадан орнатылған бейне бақылау камераларын ғана байқадым.

Тұрақтаған орнымыз шынында да кезінде дүрілдеп тұрған орын болды ғой, бірақ қазір емес. Ностальгияның иісі шығады. Қонақүй кеңестік кезеңді еске түсіреді. Қалың ағаш паркет. Кеңестік үлгіде жарақталған ванна, шкаф, т.т. «Кермес»-те қазақ блогшыларының бейресми басқосуы өтті. Блогкерлердің көзілдіріктерінің бағасы мен аяқ киімінің өлшеміне дейін айтылған бейресми басқосу танысу миссиясын атқарған сияқты.Есесіне, виртуалды әлемдегі таныс-білістікті шынайы көз көріп, құлақ естір жерден арттырдық қой деймін. Басқосудан шыға сала, интернет клубқа бас сұғып, презентациямызды пысықтадық.

Түнгі (таңғы) төртте ұйқыға бас қоюға ғаламтордан шығып барам. Пойызда ұйқы жоспарын орындап алғаным қандай жақсы болған.

Айтпақшы, бүгінгі панельдік басқосудағы менің презентацияма бас сұға кетіңіздер. Тақырып: Қазақ блогонимі. (Google-дан табыла қоймас) Read more of this post

Атам қазақ тегін айтпаған…

«Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дейтін мәтелді «атам қазақ тегін айтпаса керек». (Осы сөзді айтқаны үшін ақы алып жатқан да ешкім жоқ.) Шынында да солай. Ненің болса да, болмаған кезде, жоғалған кезде, қадір-құны артып шыға келетіні-ай.

Университет тәмамдаған сәтте, (оған дейін жиған-тергеніммен) көлікті болдым. Енді ғана универ бітірген түлек үшін Toyota әжептеуір-ақ көлік еді. Сегіз айдан кейін ғой деймін, бір себеппен көлікті келесі көлікке ауыстырдым. Алғашқысын ұнатып алғам, ауыстырымнан кейінгі рөліне отырған Audi көлік, шынын айтқанда, көңіл қоңалсытып жүрді. Кейін ол көліктің құжати, заңи проблемалары шықты да, тіпті көңіл күйді түсірді. Бір жарым жылдан соң, алғашқы салынған капиталдан екі еседен көп арзандау бағаға бұл көлікті де саттым. Іле Алматыдан Астанаға қоныс аудару қажеттілігі туды да, ақша өзге маңызды мақсаттарға жұмсалып кете барды. Біраз уақыт көліксіздікке үйреніспей, таксилеттік. Tuspalsoz-дің аса маңызды іссапары тұсында Mitsubishi-імен бір ай жүрдім. Қазір 41 нөмірлі қоғамға ортақ автобусым бар. Рас, бұл көлігім тек үй мен жұмыс ортасында ғана жүреді. Көлігің болмағасын, басқа бағыттарға онша бұрылуға да зауқың бола бермейді. Қала ішіндегі шұғыл, жылдам шаруаларда қозғалуда шапшаңдық мәселесінде тәуелділеусің. Есесіне көлікпен болатын проблемалардан тәуелсізсің. Көлігі барлардың «90 000  теңгеге түген жерін жөндедім», «көлігім жүрмей қалған еді ғой, қаладан бөлшектерін таппай тапсырыс беріп қойдым, 140 000 теңгемді дайындап отырмын», «есігімді өткен жолы біреу сырып кетіп, 50 000  теңгеге жөндеттім» дегендерін естіп, кейде қайта көлікті болғым келмей кететіні бар. Ал кейде Астананың қысында қатып қалып мазаны алмайтын (аутозауыты бар), бензин, бензин болғанда да жүзге төрт бес қана литр жағармай тұтынатын, жол полициясы тоқтатпайтын, тоқтатса да, айыппұл төлемейтін, (бұл туралы келесі бір жазбада айтамын) құжаттары ретті шағын көлік туралы бір еске алып қоям.

Қайырлысы деген бір ғана сөз ең жөн сөз-ау мұндай кезде.