Блогыма не деп ат қойсам болады?

 

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин енгізгенім. Блогоним (blog – блог, ὄνομα            (onoma) – есім)  – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін  сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады.  Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты. Read more of this post

Атам қазақ тегін айтпаған…

«Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дейтін мәтелді «атам қазақ тегін айтпаса керек». (Осы сөзді айтқаны үшін ақы алып жатқан да ешкім жоқ.) Шынында да солай. Ненің болса да, болмаған кезде, жоғалған кезде, қадір-құны артып шыға келетіні-ай.

Университет тәмамдаған сәтте, (оған дейін жиған-тергеніммен) көлікті болдым. Енді ғана универ бітірген түлек үшін Toyota әжептеуір-ақ көлік еді. Сегіз айдан кейін ғой деймін, бір себеппен көлікті келесі көлікке ауыстырдым. Алғашқысын ұнатып алғам, ауыстырымнан кейінгі рөліне отырған Audi көлік, шынын айтқанда, көңіл қоңалсытып жүрді. Кейін ол көліктің құжати, заңи проблемалары шықты да, тіпті көңіл күйді түсірді. Бір жарым жылдан соң, алғашқы салынған капиталдан екі еседен көп арзандау бағаға бұл көлікті де саттым. Іле Алматыдан Астанаға қоныс аудару қажеттілігі туды да, ақша өзге маңызды мақсаттарға жұмсалып кете барды. Біраз уақыт көліксіздікке үйреніспей, таксилеттік. Tuspalsoz-дің аса маңызды іссапары тұсында Mitsubishi-імен бір ай жүрдім. Қазір 41 нөмірлі қоғамға ортақ автобусым бар. Рас, бұл көлігім тек үй мен жұмыс ортасында ғана жүреді. Көлігің болмағасын, басқа бағыттарға онша бұрылуға да зауқың бола бермейді. Қала ішіндегі шұғыл, жылдам шаруаларда қозғалуда шапшаңдық мәселесінде тәуелділеусің. Есесіне көлікпен болатын проблемалардан тәуелсізсің. Көлігі барлардың «90 000  теңгеге түген жерін жөндедім», «көлігім жүрмей қалған еді ғой, қаладан бөлшектерін таппай тапсырыс беріп қойдым, 140 000 теңгемді дайындап отырмын», «есігімді өткен жолы біреу сырып кетіп, 50 000  теңгеге жөндеттім» дегендерін естіп, кейде қайта көлікті болғым келмей кететіні бар. Ал кейде Астананың қысында қатып қалып мазаны алмайтын (аутозауыты бар), бензин, бензин болғанда да жүзге төрт бес қана литр жағармай тұтынатын, жол полициясы тоқтатпайтын, тоқтатса да, айыппұл төлемейтін, (бұл туралы келесі бір жазбада айтамын) құжаттары ретті шағын көлік туралы бір еске алып қоям.

Қайырлысы деген бір ғана сөз ең жөн сөз-ау мұндай кезде.

Шаптырма. Қылтима.

Терминдерді қазақшаға аудару туралы сөз болса, адамдардың тілге тиек ететіні осы қос сөз. Әсіресе, қазақылауға ыңғайы келіп тұрса да, осыған әйтеуір қарсылық танытқысы келетіндердің қалқаны осы – шаптырма мен қылтима.

- Қазір барлық терминді аударып, қазақ тілінің быт-шытын шығарып жіберді, мысалы сен шаптырма дегеннің не екенін білесің бе?

- Фонтан ба?

- Шаптырып тұрады деген сөз ғой. Қылтима ше? Қылтиып шығып тұратын.

- Балконды айтып тұрсыз ба? Read more of this post

Қазақия-2. Оралу

Бұған дейін blogspot.com дейтін қоржында, Қазақия дейтін аты бар блогсымағым болған. Соның дабырасымен, «мата орнына бөз өтіп», біраз уақыттан бері блогшы, бәлки блогкерлер сабын толықтырып жүргем. Ол блогты толықтырмай, жабылып қалғанына қарамастан.

Өз блогымды жүргізуде құлықсыздық танытсақ та, бәзбіреулердің блог ашуына жәрдемдесіп жүріп, «өз өтірігіне өз сеніп қалып» дегендей, блоги ортаға қайта қызығушылығым артып шыға келді. Жақсы ниетпен жақсылыққа септесудің өзі жақсы екен: бұл әрекеттің түбі өзіңді де жақсылыққа алып келері анық.

Оған қоса, блогшылардың (19-20.03.2011. Алматыда өтетін) І құрылтайына баратын астаналық топтың қатарына қосылғасын, Бүкіләлемдік қазақ блогшыларының Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.