Алға, шегіну…
Тамыз 26, 2011 6 пікір
Уақыттың қадірі… Меңгерсе, қазақ меңгеруі тиіс болған тайм-менеджментті әрбіріміздің білгеніміз жөн-ақ. Уақытыңды жоспарлау. Жоспарыңды үш басымдыққа бөліп, “өте маңызды”, “маңызды”, “болғаны жақсы” деп айдар тағып жіктеу, күн сайын кеш ауғанда «бүгін не бітірдім?» деп есеп беру. Бітірген барлық ісің бойынша емес, нені мақсат еттің, жоспарыңа не қостың соның орындалған-орындалмағаны бойынша рапорт алу, өзіңнен өзің.
Осыдан он жылдай бұрын, жоқ, он бес жыл бұрын, бұл енді 1996 жылдардың шамасы, той-томалақты бейнетаспаға түсіру дейтін, кейін дәстүрге айналып кеткен жаңалық еніп жатты өмірімізге.
Біздің отбасымыздағы алғашқы бейнемұрағат сол жылдарға тән. Кезекті бір томалақта түсірілген сол видеода синтезаторды қолға алған жергілікті «жұлдыздың» «Сағаттар сырғиды, минуттар жылжиды. Жастық шақ өтеді, Мұңайма, Үрбибі» деп «ямаха» соққылап жатқаны қалыпты. Сол видеода көлбеңдеп мен де жүрмін. Read more of this post
Соңғы қос пікір